Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.