Бүгін Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч барысында тәулік бойы медициналық бақылау ұйымдастырылады. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы осы мақсатта стадион аумағына бес жедел жәрдем бригадасы қойылып, әрқайсысы кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, медициналық құрам ірі спорттық және бұқаралық іс-шараларда тәжірибесі мол жоғары білікті мамандардан жасақталған. Бригадалар трибуна маңында және кіреберіс жақта орналасып, ұйымдастырушылармен және қауіпсіздік қызметімен тұрақты байланыста болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық шара жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл матч қонақтарының Алматыдағы осынау жарқын әрі көптен күткен спорттық оқиғаны алаңсыз тамашалауына мүмкіндік береді.