Күздің жылы күндерінен кейін солтүстік өңірлердің тұрғындары қыстың лебін сезінді – түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерге дейін төмендеп, кейбір аудандарда жаңбыр қарға ұласты. Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырып, енді ауа райының нашарлауы оңтүстік өңірлерде де күтіледі.
Осылайша, 1 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) болжанады. Сондай-ақ, 1 қазан күні күндіз ауа температурасының 5-10 градус жылылыққа дейін төмендеуі, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.