ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
— Қытай Халық Республикасының Құрылған күні (2025 жылғы 1-3 қазан) және Күзгі мейрам (2025 жылғы 6 қазан) мерекелеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жұмысын тоқтатады. Осы күндері жеке тұлғаларға, көлік құралдары мен жүк тасымалдарына өткізу жүргізілмейді, — деп мәлім етті комитеттегілер.
Сонымен қатар, теміржол өткізу пункттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, көлік-логистика байланысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.