• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді

20 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өткізген басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының әкімі қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Жиында этносаралық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа тетіктерді енгізу, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған идеологиялық қызметті жетілдіру шаралары қарастырылды. Мемлекеттік кеңесші идеологиялық жұмыстың формаларын үнемі жаңғырту, жауапкершілік пен сыйластық мәдениетін ілгерілету қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды шарты екенін атап өтті, — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған күш-жігерді біріктіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бұдан бұрын Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы ұйымдастырылғаны белгілі болды. Оған екі елдің жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары — Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков медиафорум қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар