Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында кәсіподақ қызметкерлері Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 және Кәсіподақ федерациясының ашылғанына 35 жылдығына арналған тазалық акциясына шығып, кәсіподақ ардагерлеріне арналған аллеяны және оның төңірегін түгел тазалап шықты деп хабарлайды Egemen.kz.
Күздің шуақты күнінде өткізілген бұл шара қалалықтардың назарына ілініп, Петропавлдың басқа аймақтарында да тазалық акциясына шыққандар болды. Кәсіподақ белсенділері БАҚ арқылы қаланың тазалығы әрбір тұрғынның міндеті екені айтылып жатты.
Облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев тазалық сенбілігіне кәсіподақ мүшелерінің белсенділікпен қатысқанын айтты. Осы күні сарғайған сары жапырақтар артылған жүк машиналары қоқыс алаңдарына жүріп бара жатты.
ПЕТРОПАВЛ