Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.