Ернар Лазар ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.