• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:12

Атырауда тұрақтандыру қорындағы көкөніс көлемі 50 мың тоннаға жетеді

50 рет
көрсетілді

Атырау облысында тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамту үшін көкөністер қорын 50 мың тоннаға жеткізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапановтың дерегіне қарағанда, көкөніс өнімдерін жинау әлі жалғасып жатыр.

«Осы кезге дейін егістік алқаптан көкөніс өнімдерінің 70 пайызы жиналды. Шаруалар алқаптан 120 мың тонна өнім алды. Бұл жұмыс қазан, қараша айларында толық аяқталады. Жергілікті шаруалар көкөніс өнімдерімен алдымен облыс тұрғындарын толықтай қамтамасыз етеді. Кейін басқа өңірлерге жеткізеді», дейді Азат Қапанов.

Оның дерегіне қарағанда, тұрақтандыру қорында 2025-2026 жылдары сақталатын көкөніс өнімдерінің көлемін 50 мың тоннаға жеткізу көзделген. Қазір әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кіретін өнімдердің бағасын реттеу мақсатында маусымаралық кезеңге келісім шарт жасақталған.