• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 19:50

Үкімет арнайы салық режимдерін қолдану қағидаларын нақтылауда

20 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің 718 және 723-баптарын орындау мақсатында екі Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Біріншісі – жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі. Бұл қатарға ірі бизнеске тән салалар енгізілген: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, көтерме сауда, ірі ритейл, телекоммуникация, қаржы және сақтандыру, консалтинг және т.б.

Екіншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі. Бұл тізімге аяқ киім жөндеу, такси, сұлулық салондары, тұрмыстық техника жөндеу, мәдениет пен спорт саласындағы қосымша қызметтер сияқты 46 бағыт кірген.

Құжаттар арнаулы салық режимін әділ қолдануды қамтамасыз етуге, әкімшілендіруді жеңілдетуге және шағын бизнесті қолдауға бағытталған.