• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:40

30 колледж корпоративтік басқаруға көшті

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды реформа басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, алғашқы 30 колледж корпоративтік басқару жүйесіне көшуде. Жаңа тәсіл оқу орындарының басқару моделін жетілдіріп, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен қатар колледждердің қаржылық дербестігін кеңейту бағытында да маңызды қадамдар жасалуда. Жан басына шаққандағы қаржыландырудың дифференциалды әдістемесі енгізіліп, 2025–2026 оқу жылында бір студентке бөлінетін қаржы көлемі орташа есеппен 437 мың теңгеден 912 мың теңгеге дейін арттырылды. Колледждер төрт лигаға бөлініп, арнайы ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде бағаланады. Әр лигаға басқару, ынталандыру және қолдау бойынша дифференциалды тәсілдер қолданылады.

Кадрлық әлеуетті арттыру да реформа аясындағы негізгі басымдықтардың бірі. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша 50 колледж директоры кәсіби оқытудан өтіп, жаңа буын басшыларының пулы қалыптастырылды. 2025 жылы 5770 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Оның ішінде 2000-ы өндіріс орындарында тәжірибеден өтеді. Сонымен бірге педагогтардың құзыреттерін сертификаттау жүйесі енгізіліп, 2027 жылдың соңына дейін шамамен 10 000 педагогты даярлау және сертификаттау жоспарланған.

Жаңа бастамалардың бірі – педагогтарға арналған өндірістік практика мен тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі. Оқытушылар жетекші кәсіпорындардың өндірістік алаңдарына жіберіліп, саланың жаңа технологиялары мен талаптарымен танысады. Тәжірибелі өндіріс шеберлері мен жетекші оқытушылар жас педагогтарға тәлімгерлік етеді. Бұл шаралар колледждерде тәжірибеге бағытталған оқытуды дамытуға, заманауи экономиканың сұранысына сай жаңа буын кадрларды даярлауға жол ашады.