• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 11:45

Елімізде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй бой көтереді

30 рет
көрсетілді

Елімізде әлемге танымал қонақ үй желілерінің саны артады. Алдағы жылдары Қазақстанның 11 өңірі мен қаласында халықаралық деңгейдегі 24 жаңа қонақ үй ашу жоспарланған. Жобалар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Kazakh Tourism» компаниясының хабарлауынша, әлемдік қонақ үй брендтері Қазақстан нарығына белсенді қызығушылық танытып отыр. Олардың ішінде демалыс туризміне де, іскерлік сапарларға да бағытталған нысандар бар.

«Біз туристік инфрақұрылымның сапасын арттырып, өңірлердің туристік тартымдылығын күшейту мақсатында халықаралық қонақ үй желілерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда сапалы орналастыру орындарына деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл іскерлік белсенділік пен туристер санының көбеюіне байланысты. Халықаралық қонақ үй брендтерінің болуы сервис стандарттарын арттырып қана қоймай, нарықтағы бәсекелестікті де ынталандырады», деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.

Қонақ үй саласының дамуы ел экономикасына оң ықпал етеді. Бұл туристердің артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және кәсіпкерлік қызметтің кеңеюі сияқты қосымша мүмкіндіктер әкеледі.