• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін айыппұл салынды

10 рет
көрсетілді

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша жергілікті азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес оның кәмелетке толмаған ұлы басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралын басқарған. Сотта азаматтың кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекетке баруына жол бергені айтылды.

Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.