• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:40

Жасанды интеллект министрлігінің жаңа логотипі таныстырылды

20 рет
көрсетілді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзінің логотипін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство өкілдері логотиптің әрбір элементінің мағынасын түсіндірді:

Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық ауқымын және әлемге ашықтығын білдіреді.

Шеңбер ішіндегі төртбұрыш пішіндер – ұлттық ЖИ инфрақұрылымының негізін құрайтын микрочиптер мен суперкомпьютерлік жүйелерге сілтеме.

Тор үлгісі – цифрлық матрица, мұндағы әрбір ұяшық жалпы қозғалыстың бір бөлігі: мемлекет, бизнес, ғылым және қоғам.

Логотиптің түстері дәстүр сабақтастығын және болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

«Жаңа таңба жоғары технологиялар мен ұлттық құндылықтардың символикасын біріктіріп, министрліктің миссиясын – жасанды интеллект пен цифрландыруды тұрақты дамудың және жалпы өркендеудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсатын көрсетеді», деп қосты ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елде Жасанды интеллект министрлігін құру туралы жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар