• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:50

Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады

30 рет
көрсетілді

26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар 27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия Президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар