Риддер қаласында жылыту маусымы басталады. Алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріліп, содан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелер қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орташа тәуліктік температураның тұрақты төмендеуіне байланысты 24 қыркүйектен бастап Риддердегі әлеуметтік-мәдени нысандарда жылыту маусымы ашылады.
30 қыркүйектен бастап – көпқабатты тұрғын үйлер мен «Шығыс Жылу» АҚ филиалының жылумен қамту жүйесіне қосылған өзге де нысандарға жылу беріледі.
2025-2026 жылғы жылыту маусымын бастау туралы бұйрыққа «Шығыс Жылу» АҚ Риддер филиалы директорының міндетін атқарушы Кирилл Голота қол қойды.