• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:12

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді

Елімізге әйгілі сумошы Хакухо Сё келді. Оның азан шақырып қойған аты – Мұңхбатын Даваажаргал. Моңғолдың алыбы осы спорт түрі тарихындағы ең атақты балуан, 69-ёкодзуна. Спорттық мансабында Хакухо 45 чемпиондық тәжге ие болды. Осыдан төрт жыл бұрын, 36 жасын­да мансабын аяқтағаннан кейін Жапо­ния азаматтығын алып, «Миягино-бэя» сумо мектебінің тізгінін ұстады. Астанада Хакухо Сё еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшыларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Бүгінде әлемде сумоның 85 ұлттық федерациясы жұмыс істейді.

Үндістанда кадеттер арасында өткен Азия кубогінде еліміздің семсерлесушілері қос алтын медаль иеленді. Оны қылыштасу сайысында сынға түскен Айбар Қайым мен шпагашы Полина Лесовская олжалады. 26 қыркүйекте Қытайдың Циндао қала­сында дзюдодан Гран-при турнирі бас­талады. Жарыста еліміздің намысын жеті балуан қорғайды. Олар – Алдияр Қарағұлов, Дәурен Сүйкенов (60 кг), Ердәулет Бозша, Нұрмұхамет Ботабай (66 кг), Қуан Барыс (73 кг), Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек (81 кг). 5 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қа­ла­сындағы «Ти-Мобайл Аренада» аралас жекпе-жектен UFC 320 турнирі ұйымдастырылады. Жарыста Николай Веретенников өнер көрсетеді. Жерлесіміз жергілікті файтер Пуна Сориано­мен сайысқа түседі. Кештің басты бәсекеле­рінде ресейлік Магомед Анкалаев пен бразилиялық Алекс Перейра, АҚШ-та тұрып жатқан грузиялық Мераб Два­лишвили мен АҚШ тумасы Кори Сэндхаген күш сынасып, чемпиондық белбеулерді сарапқа салады. Құрлықтық хоккей лигасында ойнап жүрген «Барыс» өткен аптаның аяғы мен осы аптаның басында сыртта үш кездесу өткізіп, үшеуінде де ұтылды. Жерлестеріміз Магнитогорскіде «Метал­лургке» (1:5), Череповецте «Север­с­тальге», Минскіде «Динамоға» (0:1, овертайм) есе жіберді. Енді астаналықтар төрт матчты өз мұз айдынында өткізеді. 25 қыркүйекте Қазанның «Ақ Барысын», 27 қыркүйекте Новосибирскінің «Сиби­рін», 29 қыркүйекте Владивостоктың «Адми­ралын», 1 қазанда Ярославльдің «Локомо­тивін» қабылдайды. Шайбалы хоккейдің тарихы, статистикасы, барлық маңызды мәселелерін негізге алған «Элитпроспект» сайты 2026 жылғы маусымда Ұлттық хоккей лигасының драфына түсуі мүмкін ойыншылардың тізімін жариялады. Солардың қатарында еліміздің қос өкілі бар. Олар – «Принс-Альберт Рейдерз» клубының шабуылшысы Әлішер Сәркенов пен «Шикутими Сагенинсте» өнер көрсетіп жүрген Корней Корнеев. Бұл командалардың іргетасы Канадада қаланған. ҰХЛ-дың драфы келесі жылдың маусым айына өтеді. 
Соңғы жаңалықтар