• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:30

Атырауда ер адам 9 жастағы баланы ойын алаңында соққыға жыққан

10 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның ойын алаңында жүрген балаға жақындап барып соққы жасаған сәті бейнеленген. Бұл дерекке қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, шабуыл жасаған адамның жеке басы мен орналасқан жері анықталып жатқанын хабарлады.

«Бейнебақылау камерасының жазбалары тексеріліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынады. Жеңіл дене жарақатын алған жәбірленуші 9 жасар балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар