Қазақ мәдениеті мен өнерінде Алматының орны ерекше. Бүгінде қала күні халықтың атаулы мерекесіне айналды. Осыған орай, «Kaspi.kz» пен «OYU» жобасы алматылықтарға қала күніне арнайы сыйлық жасады. Атап айтқанда, бұл – M’DEE, Orynkhan және Роза Рымбаеваның орындауындағы жаңа «Гүл Алматы» трегі.
Қала күніне музыкалық сыйлық жасау жоспары жарты жыл бұрын пайда болған. Сонда «Гүл Алматы» әні бірден таңдалыпты. Оны көп жыл бұрын Александр Зацепин «Тақиялы періште» фильмі үшін жазып, алғашында Кеңес одағының халық әртісі Ермек Серкебаев орындаған. Ән кейін Батырхан Шүкеновтің орындауында қайта танымал болды. «Дәл осы туынды Алматы күніне ерекше сай келеді және қалаға деген сүйіспеншілікті білдіреді», дейді режиссерлер Аида Аблаева мен Рина Наумова. Бұл жолы «Гүл Алматы» әнін аты аңызға айналған Роза Рымбаева мен танымал, заманауи музыканттар M’DEE мен Orynkhan орындайды.
Жаңа тректің түсірілімі 7 қыркүйекте өтті. Түсірілім алаңы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, театр маңындағы гүлзар. Әртістер кадрда кездеспейді және әрқайсысы тректі өзіндік нұсқада орындайды. Оларды музыканттар мен түсірілім алаңына келушілер сүйемелдеді.
«Алматы – жай ғана түсірілім орны емес, ол жеке кейіпкер іспетті. Біз қаланың көшелеріне, тұрғындарына деген сүйіспеншілігімізді жеткізгіміз келді. Сол себепті кадрларда саябақтар мен гүлзарлар ғана емес, қала тұрғындары да бар», деді режиссер Рина Наумова.
Клиптің түсірілімі «Kaspi.kz» қолдауымен өтті. Бір жыл бұрын ең инновациялық технологиялық компания «OYU»-дың бас серіктесі атанды. Бұған дейін бірге жүзеге асырылған «Nauryz Special» жобасы ел тұрғындарына Наурыз мерекесі аясында сыйға тартылған еді. Енді, міне, кезек Алматы күніне келіпті.
«Бізге Kaspi.kz-тің қолдауы аса қажет, себебі дәл осындай серіктестердің арқасында идеяларымызды толыққанды жүзеге асыра аламыз. Осындай танымал және бәрі қолданатын ірі брендтердің Алматыдай ару қаламызға рахмет айту туралы ұсынысымызды қолдағаны маңызды. Яғни мұндай әрекеттері «Kaspi.kz»-тің Алматы мен оның тұрғындарына деген махаббатын білдіреді», дейді бұл туралы режиссер Аида Аблаева.
M’DEE:
«Kaspi»-дің осындай керемет шығармашылық жобаларға қолдау көрсетуі сөзсіз үлкен қадам дер едік. Бұл біздің Қазақстан үшін, қаламыздың және еліміздің шығармашылық ортасы үшін өте маңызды. Мен мұндай жобалардың пайда болып жатқанына қуаныштымын және олардың әлі де көбейетініне сенемін».
Ал осы қалада жұлдызы жанып, тыңдармандарына шабыт сыйлаған Роза Рымбаева жүрекжарды лебізін былай білдірді:
«Менің ойымша, табысты компаниялар мен бизнесмендердің өмірін өз еліне деген сүйіспеншіліксіз елестету мүмкін емес. Бұл жоба да олардың өз қаласына деген сезімін білдіреді. Олар қала тұрғындары мен қонақтары үшін түсірілімдер мен концерттер ұйымдастырады, ал біз, әншілер, оған шын жүректен қатысамыз», деді әнші.
Бірнеше түсіру тобы түсірілім алаңының әртүрлі бұрышында жұмыс істеді. Оқиғаны Orynkhan ашты – таңның атуы, оянған қала, алматылық үйлердің балкондары... Жарық, жылы көріністер көрермендерге ерекше әсер сыйлады деген ойдамыз. Ал Orynkhan-ның өзі:
«Бәрі ойдағыдай болды. Осы бір үлкен жобаны ертеңгі тарих деп есептеймін. Бұл интернет желісіне түседі, болашаққа белгі ретінде қалады. Бүгін ғана емес, 10 жыл, 50 жылдан кейін де адамдар тыңдап, көре алады. Кішігірім архив ретінде сақталады. Сол үшін осындай сапалы архив, сапалы тарихтың жасалуына қатысып жатқаныма қуаныштымын», деді.
Оқиға әрі қарай M’DEE-дің орындауында жалғасты. Музыкант музыканттармен сөйлеседі, саябақта ән айтады және жол бойымен серуендейді.
M’DEE:
«Жалпы, жұмысымның үлкен бөлігі Алматымен байланысты. Қалай болғанда да, өзімді нағыз алматылық ретінде сезінемін. Мен бұл қаланы шын жүрегіммен жақсы көремін, сондықтан мұндай жобаға қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Әсіресе «Гүл Алматы» әні – мені музыкант еткен, музыкаға деген сүйіспеншілікті оятқан әндердің бірі», деді өнер иесі.
Атақты әнші Роза Рымбаева аталған туынды туралы ойын былай жеткізді:
«Бұл әнді ұлы әншіміз Ермек Серкебаев орындаған. Ермек ағадан кейін сүйікті бауырымыз, өте жоғары деңгейдегі әнші, музыкант, композитор Батырхан Шүкенов шырқады. Осы жолы маған кезек келді. Мен, әрине, Ермек ағаға да, Батырханға да ұқсамаймын, Роза Рымбаева болып әуелетіп саламын. Себебі жарты ғасыр осы Алматыда тұрамын, үлкен сахналарында ән салып келемін, неге бұл әнді орындап көрмеске? Өзімнің жүрегіммен, өзімнің дауысыммен, өзімнің мәнеріммен шырқаймын. Сондықтан бұл да – Алматыға деген ерекше махаббаттың белгісі».
Бейнеролик Роза Рымбаеваның орындауымен аяқталады. Әйгілі әнші тректі көптеген музыкант, сүйемелдеушімен бірге орындады. Халықтың сүйікті әртісі үшін бес мың қызғалдақ гүлінен тұратын үлкен гүлзар жасалған.