Исландия – мұздықтар мен жанартаулар қатар кездесетін ерекше аймақ. Ғалымдардың дерегінше, елдің ең ірі мұздығы – Ватнайёкюдльдің астында сегізге жуық жанартау орналасқан.
Жанартаулар атқылаған кезде мұз еріп, астына су жиналады. Белгілі бір деңгейге жеткенде бұл су қысымды көтере алмай, кенеттен сыртқа шығып кетеді. Ғылымда мұндай құбылысты «мұздық тасқыны» деп атайды. Оның көлемі кейде жүздеген миллион тонна суға дейін жетіп, тұтас өңірдің жер бедерін өзгертуі мүмкін. 1918 жылы Катла жанартауы атқылап, мұздық тасқыны нәтижесінде Эверест тауындай көлемдегі шөгінділер жер бетіне шыққан.
Дайындаған –
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті