Жер бетінде толық тыныштық орнаған орын барын білесіз бе? Ол – АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы Орфилд зертханасында орналасқан анэхоикалық камера. Бұл бөлме әлемдегі ең тыныш орын ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Қабырғалары дыбысты толық сіңіретін материалмен қапталғандықтан, мұнда ешқандай жаңғырық болмайды. Дыбыс деңгейі – 9,4 децибелге дейін төмендейді. Яғни адамның құлағы үшін «минус дыбыс» әсерін тудырады. Мұндай бөлмеге кірген адам алғашында жүрек соғысын, өкпесінің тынысын, асқазанының қимылын естиді. Бірнеше минуттан соң тепе-теңдік сезімі әлсіреп, санада ерекше әсер пайда болады. Сондықтан ешкім мұнда ұзақ уақыт болуға шыдай алмайды.
Дайындаған –
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті