«OpenAI» 1,5 миллионнан астам «ChatGPT» қолданушысын талдап, қызықты деректерді жариялады. Зерттеу нәтижесі бойынша, сервисті ең белсенді қолданатындар – келіншектер екен.
Ал жасалған сұраулардың 73 пайызы жеке өмірге қатысты екені анықталған. Яғни адамдар «ChatGPT»-ден көбіне махаббат, қарым-қатынас, психология, денсаулық, жеке даму сияқты тақырыптарда кеңес сұрайды. Қолданушылардың аз бөлігі ғана жұмысқа, оқу мен ресми міндеттерге пайдаланады. Мамандардың айтуынша, бұл нәтиже жасанды интеллектінің күнделікті өмірдің серігіне айналып келе жатқанын көрсетеді. Адамдар оны кеңесші, сырлас немесе көмекші ретінде қабылдайды.