• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:10

Ғарыштағы дата-орталық

20 рет
көрсетілді

Алғаш рет деректер орталығы ғарышқа шығарылды. Енді ор­би­тадағы дата-орталықтың ар­қа­сында ақпарат алдын ала сұ­рыпталып, жасанды интеллект кө­мегімен талданған күйде Жерге жеткізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл деректерді өңдеу уақытын бірнеше есе қысқартып, шығынды азайтады. Мәселен, климаттың өзгеруі, орман өрті, мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі сияқты жаһандық үдерістерді жедел бақылау үшін осындай жылдам талдаудың маңызы зор. Сонымен қатар әскери және қауіпсіздік саласы үшін де бұл технология таптырмас құралға айнал­уы мүмкін.