• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:00

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттаған азамат сотталды

10 рет
көрсетілді

Сәтбаев қалалық соты терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынды 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы ауызша уағыздар жүргізіп, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтірген. Оның әрекеттері тұрғындардың санасына ықпал етіп, радикалды көзқарастарды қалыптастыруға бағытталғаны анықталды.

Іс қарау барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдерді зерттеу кезеңінде белсенділік танытып, айыптауды толық қолдады.

Барлық жайттарды ескерген сот үкімімен тұрғын кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.