• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Қызылордада үш тәулікте 1465 құқық бұзушылық анықталды

10 рет
көрсетілді

Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1465 құқық бұзушылық анықталды. Оның 254 дерегі қауіпсіздік белдігін тақпау, тасымалдау қағидаларын бұзуға қатысты болса, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 131 фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

«Шымкент – Самара» тас жолының Баймұрат батыр ауылы тұсындағы аумағында рейдтік іс-шара өткізген полицейлер дрон көмегімен жол ережесін сақтамаған жүргізушілерді тәртіпке шақырды. Іс-шара басталғалы бері жолдың қарсы жолағына шығудың 1, авариялық жағдай туғызудың 10, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың 9 дерегі белгілі болыпты. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізушінің көлік тізгініне қайта отырғаны анықталған.

Сонымен қатар, 138 автокөлік айып тұрағына қойылып, 118 көліктің қозғалысын шектеу үшін мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.