• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Кеше

Алматыда «Ән қанатындағы Алматы» және «QAZAQSHA терапия» концерттері өтті

10 рет
көрсетілді

Алматының Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қала күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына екі бірдей керемет концерт ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Бір сахнада дәстүрлі әннің Арқа мектебі, Жетісу ән мектебі, Сыр өңірі ән мектебі, Алтай-Тарбағатай ән мектебі және Батыс Қазақстан ән мектебі сынды бес мектеп өнер көрсетті. Әр мектеп өзіне тән тембрімен, нақышымен және орындау мәнерімен ерекшеленеді. Осы арқылы көрермен ұлттық музыкалық мұраның алуан түрін тамашалады. Бұл концерттер қазақ музыкасының рухы сақталып, заманауи тыңдарман үшін жаңа қырынан ашылып келе жатқанын айқын көрсетті.

Кеш «Ән қанатындағы Алматы» атты дәстүрлі музыкаға арналған бағдарламамен басталды. Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева және басқа да қазақтың дәстүрлі өнер шеберлері сахна төрінде көрерменмен қауышты. Ал «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттің ажарын аша түсті. Репертуарындағы күйлер, термелер мен халық әндері орындалды.

Мерекелік көңіл-күйді заманауи театрландырылған «QAZAQSHA терапия: Ғасырлар үні» жобасы жалғастырды. Бұл қойылымды актер Асет Есжан мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері сахналап, қазақ мәдениетінің бай дәстүрін жаңа сахналық және көркемдік шешімдермен ұштастырды.

АЛМАТЫ