Атырау облысының Құлсары қаласында ер адам екі жасөспірімге тиісті деген күдікпен ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Атырау облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, Жылыой аудандық полиция бөімінің қызметкерлері күдікті қамауға алды.
«Құлсары қаласында 8-9 жастағы екі жасөспірімге тиісті деген күдікпен 1985 жылғы ер адам ұсталды. Тексеру кезінде оның екінші топтағы мүгедек екені анықтады. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды», деп мәімдеді Ғалым Байжанов.
Оның айтуына қарағанда, департамент басшылығы қылмыстық істі тергеуді тікелей бақылауына алған.