• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 18:45

Ауғанстанда әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салынды

20 рет
көрсетілді

Ауғанстан билігі университеттерде әйелдер жазған кітаптарды пайдалануға ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы BBC өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Басылымның мәліметінше, елдегі жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларынан әйелдерге тиесілі еңбектер түгел алынып тасталған. Бұған қоса Талибан үкіметі «шариғат заңына қайшы» деген уәжбен 18 пәнді оқытуға шектеу қойған. Енді ауған студенттері адам құқықтары, жыныстық қудалау тақырыптары сияқты пәндерді оқымайды.

Жалпы алғанда, билік 679 кітапты «шариғатқа қарсы» деп таныған. Оның ішінде 140 кітаптың авторы – әйелдер. Мәселен, қарапайым ғылыми еңбек саналатын «Химиялық зертханадағы қауіпсіздік» атты кітап та әйел авторына байланысты оқытылмайтындар қатарына қосылған.

Оқу бағдарламаларын тексеру комиссиясының мүшелері әйелдер жазған кітаптарға тыйым салынғанын растады. «Әйелдер жазған барлық кітаптарға тыйым салынған» деп түсіндірген Талибан өкілі BBC-ге.

 

Соңғы жаңалықтар