Астана қаласының прокуратурасы биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәселен, елорда тұрғыны Тик Ток әлеуметтік желісінде, тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған.
Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы талаптарына қарама-қайшы екені дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушылар сотталушылардың кінәсі толық негіздеп, нәтижесінде олардың барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енген.
Айта кетейік, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.