• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 09:52

АЭС-ке мамандар даярлау жұмысы қолға алынды

30 рет
көрсетілді

Елдегі білім беру мен бизнес атом энергетикасының болашағы үшін күш біріктіреді. Сөйтіп жобада барынша ұлттық үлес пен мазмұнды арттыруға жұмылады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мамандарды даярлауды жеделдетеді әрі болашақ АЭС құрылысына отандық бизнесті тартады. Бүгін агенттік төрағасының орынбасары Василий Лавреновтың төрағалығымен өндірісті локализациялау мен кадрлар даярлау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар АЭС жобаларына отандық кәсіпорындарды тарту, ұлттық үлесті арттыруға кедергілер, сондай-ақ локализацияның халықаралық тәжірибесі мен оны қазақстандық жағдайға бейімдеу мәселелерін қарастырды.

Жеке бөлім кадрлар даярлауға арналды: жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосу, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту және болашақ атом жобалары үшін кадрлық резерв құру.

Кездесу қорытындысында жұмыс бағыттарының басымдықтары айқындалып, жол картасын әзірлеу келісілді. Осыған сәйкес, келесі отырыс қазан айына жоспарланды.