• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 14:19

Маңғыстауда әкім орынбасарлары ұсталды

20 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының және Атамекен ауылының әкім орынбасарлары заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыс әкімдігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Ресми дерекке сай, олармен бірге тағы бір жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу амалдары кезінде айғақ заттар тәркіленіп, арнайы сараптамаға жіберілді. Аудан әкімінің орынбасарына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алу қолданылды. Қалған күдіктілерге байланысты түпкілікті шешімді тергеу барысында құзырлы органдар қабылдайды.

Облыс әкімдігі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Онда мемлекеттік қызметшілердің заңды белден басып, ар-ожданға дақ түсіретін әрекеттеріне жол берілмейтіні баса айтылды. Әкімдік қоғам сенімін ақтау үшін заңсыздыққа қарсы қатаң саясат ұстанып, әрбір құқық бұзушылыққа нақты шара қолданатынын жеткізді.