Қарағанды облысында жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚТЖ мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қыркүйек күні сағат 00:54-те Ақадір-Қарағанды учаскесіндегі Жарық-Дария аралығында орналасқан теміржол өткелінде болған.
«Күзетілмейтін, реттелетін темір жол өткелінде 92 км/сағ жылдамдықпен қозғалған жолаушылар пойызының машинисі жолға шыққан Mazda маркалы жеңіл автокөлікті байқап, шұғыл тежеу қолданды. Алайда соқтығысты болдырмау мүмкін болмады. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты», делінген хабарламада.