Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полтавка ауылында күйген үйден үш адамның мәйіті шыққан. Оның біреуі әйел, екеуі ер адам, деп жазады Egemen.kz.
Өрт 40 шаршы метрлік жерді жалмаған. Өртсөндірушілер бөлімі ауылдан 13 шақырым жерде орналасқандықтан бірден жетуге мүмкіндік болмай, өрттің қызуы әбден шалқыған кезде ғана жете алған. Сондықтан үйді құтқару мүмкіндігі болмаған.
Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Оның қылмысты істі жасыру үшін қасақана жасалуы мүмкін деген күдік те бар. Сондықтан оқиға бойынша қылмысты іс те қозғалмақ.
Жыл басынан бері облыста 326 өрт болып, салдарынан 20 адам мерт болды.
Солтүстік Қазақстан облысы