• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:20

Ақтөбеде 208 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған

10 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы Полиция департаменті   «Құқықтық тәртіп»  републикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында өткен рейд қорытындысын жариялады.  Қылмыстардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 12-14 қыркүйек аралығында күшейтілген режимде жұмыс істеген тәртіп сақшылары  64 қылмысты тіркеп,  іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстады және   заңсыз есірткі және суық қару сақтаған 50 тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ рейд қорытындысы бойынша   900 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.  Оның ішінде ұсақ бұзақылықпен –35, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген  160 тұрғын ұсталса,  тұрғын үйлерді аралау кезінде 165 адамның тіркеусіз тұрғаны, түнгі уақытта   105 кәмелетке толмаған жасөспірімнің   көшеде жүргені анықталды.  Бұл күндері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 339 дерегі тіркелген.

Осы ретте    жаяу жүргіншілердің де, көлік жүргізушілерінің де  жол  қозғалысы ережелері мен көшеден өту тәртібін сақтай бермейтіндігін атап көрсеткен жөн.  Таратып айтқанда, 16 жүргізуші мас күйінде көлік басқару кезінде ұсталса, 13 адамның жүргізуші куәлігі болмаған, 23 рет  қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп,  жаяу жолаушыларға арналған өткелде жүргізушілер 79 рет тоқтамай өткен. 

Полиция департаменті жаяу жүргіншілер тарапынан да көшеден өту тәртібі жиі бұзылатындығын ескертіп отыр.  Соның дәлелі, үш күн ішінде   көлік жолдарынан өту ережесін бұзған 208 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Салыстыра қарағанда,  бұл  көлік жүргізушілер жасаған бұзушылықтардан екі есеп көп.  Тәртіп сақшылары  құқықтық тәртіп – әр азаматтың ортақ міндеті екендігін ескерте отырып,  барлық азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ақтөбе облысы