• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:20

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды

30 рет
көрсетілді

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем небәрі 35,7 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы төлемдерінің ең жоғары сомасына шектеу қойылмаған және кейбір азаматтарда ол 900 мың теңгеден асады.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы төлемдерінің топ-5 көрсеткіші мынадай:

993 041 теңге; 818 818 теңге; 635 236 теңге; 565 857 теңге; 560 437 теңге.

Айта кетейік, зейнетақы төлемдерінің мөлшері салымшының табыс деңгейіне, жарналарды уақтылы әрі толық аударуына, сондай-ақ қосымша ерікті жарналардың болуына байланысты.

Қор дерегінше, биылғы ақпан айында ең жоғары зейнетақы төлемі 993 040 теңгені құраған, бұл қыркүйектегі көрсеткіштен бар болғаны 1 теңгеге аз. Ал орташа төлем көлемі жыл басынан бері тұрақты деңгейде қалып отыр: қаңтарда – 35,5 мың теңге, тамызда – 35,7 мың теңге.