• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 11:25

Астанада балаларға қандай күрделі операциялар тегін жасалады

20 рет
көрсетілді

Кейінгі жеті айда елордадағы №2 көпсалалы балалар ауруханасында 500 мың теңгеден асатын ондаған тегін операция жасалған, деп жазады Egemen.kz.

Көпсалалы қалалық №2 балалар ауруханасында ториноларингология, нейрохирургия және ортопедия саласындағы күрделі әрі жоғары технологиялық операциялардың толық спектрі жасалады. Жоғары технологиялық ота жасауға көпсалалы дәрігерлер тобы қатысып, заманауи жабдықтар мен импланттар,  инновациялық емдеу тәсілдері қолданылу қажет. Мұндай операцияларды жасауға миллиондаған қаражат керек болғанмен балалар үшін  күрделі оталар тегін жасалады.

Мәселен ауруханада балаларға есту қабілетін қайтаратын кохлеарлық имплантация жасалады.

2024 жылы стационар жағдайында 827 млн теңгеге 108 операция жасалған. Соңғы 7 айда 536 млн теңгеден асатын 68 операция өткен.

Нейрохирургия саласында да күрделі оталар жасалып жатыр. Бас сүйек жарақаттары, ісік немесе туа біткен патология кезінде арнайы пластиналар қолданылады. Бұл ота дәрігерден зергерлік дәлдікті, ерекше тәжірибені және қымбат жабдықты талап етеді. Мұндай медициналық көмекбалалардың өмірін сақтап, ауыр мүгедектіктің алдын алады. Сондай-ақ, мамандар нейронавигация мен нейромониторинг арқылы ми ісіктеріне ота жасайды.

2024 жылы 68 млн теңгеге 39 ота жасалған. Биылғы жеті айда 38 млн теңгеге 21 ота өткен.

2024 жылдың соңында ауруханада жаңа қызмет түрі – жамбас-сан буынын эндопротездеу енгізілді. Дәрігерлер алғашқы оталарды 4,6 млн теңгеге жасаған.

«Бүгінгі күнге дейін біз жамбас-сан буынын ауыстыру бойынша 7 операция жасадық. Бұл протездерді арнайы қор сатып әперді. Ал емдеудің өзі әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүргізілді. Балалар ортопедиясында бірнеше бағыт бар, ең қымбаты – онкопротездеу, ол денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, біз микрохирургиялық оталар жасаймыз, оның құны шамамен 800 мың теңге. Жыл соңына дейін тағы үш жамбас-сан буынын ауыстыру операциясын жасау жоспарлануда», деді ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек Шықынаев.