• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар Бүгін, 15:17

Қазақстанның 20 өңірінде «Decentrathon 4.0» хакатоны өтуде

50 рет
көрсетілді

Қазақстанның 20 өңірінде жасанды интеллект тақырыбына арналған «Decentrathon 4.0» хакатоны өтіп жатыр. Ауқымды іс-шара IT саласына қызығушылығы бар жастарды бір арнаға тоғыстырды, деп жазады Egemen.kz.

Shymkent Hub орталығында да дарынды жастар бас қосып, бақ сынауда. Орталықтың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, кезекті хакатонға IT саласына қызығушылығы бар 171 команда қатысуда.

— Қатысушылар жасанды интеллект пен блокчейн тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындап, жаңа жобалар ұсынуы тиіс. Олар өзекті мәселелердің тың шешімдерін, инновациялық идеяларын таныстыруы керек, — деді ол.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды.

Бұған дейін Шымкентте Орта Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі — Decentrathon 2 өткен болатын. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен кейінгі жылдары түрлі форумдар мен іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Кезекті хакатон IT саласын дамытуға, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға өз септігін тигізбек.