• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:19

Жол-көлік оқиғалары салдарынан 15 адам қаза тапты

60 рет
көрсетілді

13-нен 14 қыркүйекке қараған түні Қазақстан аумағында екі ірі жол-көлік оқиғасы болып, 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 қыркүйек күні сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысында «Қарағанды – Аягөз – Боғас» автожолының Шешенқара ауылы маңында Ford Mondeo автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерде қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты.

14 қыркүйек күні сағат 01:39 шамасында Жетісу облысында «Алматы – Өскемен» автожолының 479-шақырымында Nissan Cefiro автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, қарсы жолаққа шығып, алдымен Lada ВАЗ көлігімен, кейін Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Lada ВАЗ көлігіндегі төрт адамның біреуі көз жұмып, тағы біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Chevrolet Cobalt көлігінде сегіз адам, соның ішінде бір бала болған. Алдын ала мәліметтер бойынша олардың барлығы қаза тапқан.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде екі жол учаскесінде де жол жамылғысының тегіс екендігі және көлік қозғалысына кедергі келтіретін ақаулардың болмағаны анықталды. «Алматы – Өскемен» автожолы 2024 жылдың желтоқсан айында қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілген. Жол жабындысы нормативтік талаптарға толық сәйкес келеді. Ал «Қарағанды – Аягөз – Боғас» автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабынның жағдайы да стандарттарға сай болған.

Соңғы жылдары қайта жөндеу және жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының жиілеп отырғаны байқалады. Тегіс жол мен ашық көріну мүмкіндігін пайдаланған кейбір жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол қозғалысы ережелерін бұзуда. Мұндай жауапсыздық орны толмас қайғылы жағдайларға әкеліп отыр.