• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:43

«Хабар» телеарнасы «Шеберлер шайқасы» жобасын іске қосады

30 рет
көрсетілді

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл шешім ел дамуының негізгі тірегі болып отырған еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған орай жаңа маусымда «Хабар» телеарнасы ел тарихында алғаш рет әлеуметтік маңызы зор ірі жобаны — «Шеберлер шайқасы» атты реалити-шоуды ұсынбақ. Жоба қазан айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Оның басты кейіпкерлері — дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик, аспаз, өрт сөндіруші сынды түрлі жұмысшы мамандық иелері.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бағдарлама қатысушылары кәсіби білігін, өмірлік тәжірибесін, төзімділігін және командалық рухын шыңдайды. Шеберлер зауытта, құрылыс алаңында, шеберханада немесе өндірістік ортада тапсырмалар орындайды. Әр шығарылым бір адамның тағдыры мен өмір жолына арналып, олардың табандылығы мен жеңісі, жеңілісі көрерменге ұсынылады.

Жобаның басты мақсаты — адал еңбек пен шынайы шеберлікті дәріптеу. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры қарастырылған.

— «Шеберлер шайқасы — еңбектің қадірін түсінетін әрбір жанға өзін танытуға, кәсібін дәріптеуге, елдің алғысына бөленуге берілген бірегей мүмкіндік. Бұл бағдарлама маңдай тердің қадірін бағалап, еңбектің ел болашағына берік іргетас екенін көрсетеді», — делінген министрдің желідегі жазбасында.