• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 14:37

Алакөлде төтенше жағдай жарияланды

30 рет
көрсетілді

Абай облысындағы Алакөл жағалауында төтенше жағдай жарияланды. Бұл шешім Кабанбай ауылдық округінің аумағында орналасқан демалыс орындары мен инфрақұрылымға жағалаудың шайылу қаупі төнгеніне байланысты қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі 10 қыркүйектен бастап күшіне енді және ол Қазақстан Республикасының эталонды құқықтық актілер банкінде ресми түрде жарияланды.

Алакөлдің жағалауында су деңгейінің көтерілуінен:

демалыс үйлерінің маңындағы жағалау шайылуы мүмкін; туризм нысандарына материалдық шығын келуі ықтимал; инфрақұрылым объектілеріне қауіп төніп тұр.

Осы жағдайларға байланысты табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Алакөл – Қазақстандағы ең ірі әрі танымал туристік аймақтардың бірі. Жыл сайын мұнда мыңдаған демалушы келеді. Көлдің суы минералдарға бай, ал аймақ курорттық әлеуетімен ерекшеленеді. Соңғы жылдары мұнда туризмді дамыту мақсатында қонақүйлер, демалыс үйлері мен инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып келеді.