• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 11:03

Үздік кинологтар Ұлттық ұланның біріншілігінде анықталады

30 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында қызметтік иттерді үйретуші кинологтардың арасында Ұлттық Ұланның біріншілігі өтіп жатыр. Оған республикамыздың 5 өңірінен 20-ға жуық кинологтар қатысуда, деп жазады Egemen.kz.

Ит –адамның досы деген ежелден айтылып келеді. Жақсы үйретілген иттер иесінің емеурін бірден танып, берілген команданы қапысыз орындайды. Бүгінгі таңда көптеген қылмыс түрлері иттердің көмегімен ашылуда.

Сонымен қатар жарылғыш заттарды, есірткіні анықтауда да үйретілген иттердің еңбегі орасан. Жарыс барысында кинологтардың ит үйрету өнеріндегі үздіктері және алғыр иттер анықталады.

ПЕТРОПАВЛ