• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 17:44

Түркістанда халықаралық музыкалық жобаның түсірілімі басталды

10 рет
көрсетілді

Түркістан қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасының түсірілімі басталды. Жоба Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің туристік әлеуетін кеңінен танытуға бағытталған халықаралық байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Италия, Малайзия және Сербия мемлекеттерінің өнерпаздары қатысып жатыр. Түсірілім жұмыстары Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде, көне Отырар қалашығында, Karavansaray туристік кешенінде және этноауылда өтеді. Байқауға қатысушылардың өнерін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар қазылық етеді. Түркістандағы түсірілім аяқталғаннан кейін жобаның шығармашылық сапары еліміздің басқа өңірлерінде жалғасады, яғни Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді.

Ақтық кезеңі елордада ұйымдастырылатын жобаға Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетіп отыр.