• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:40

Елімізде жыл басынан бері 70 мыңнан астам неке қиылған

20 рет
көрсетілді

2025 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстанда 77 951 неке рәсімделіп, 226 803 бала өмірге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жастар неке қию үшін көбінесе маңызды күндерді таңдайды. Мысалы, 9 қыркүйек – қос тоғыз тоғысқан күні 631 жұп некесін тіркеген, сондай-ақ дәл сол күні 1 195 сәби дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, некеге тіркелу үшін өтінішті кемінде 15 күн бұрын тапсыру қажет. Бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталында немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы алу мүмкін. Онлайн өтініш тек Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді, ал бөлімшелерге кез келген азамат бара алады.