АҚШ ғалымдары көз көруін қалпына келтірудің тың технологиясын сынақтан өткізіп жатыр. Бұған дейін кең тараған LASIK сияқты лазерлік отада көздің қасаң қабығына тілік жасалса, жаңа әдісте ешқандай хирургиялық операция жасалмайды.
Зерттеушілер қасаң қабықтың пішінін электр қуатының әсерімен өзгертуді ұсынып отыр. Бұл тәсілдің басты артықшылығы – ол қауіпсіз, арзан. Алғашқы тәжірибелер қояндардың көзіне жасалып, бірнеше минут ішінде жануарлардың көру қабілеті қалпына келгені дәлелденген.