«Apple» компаниясы сымсыз құлаққаптарының жаңа буынын – «AirPods Pro3» моделін таныстырды. Бұл жолы құлаққап музыка тыңдайтын құрал ғана емес, денсаулықты бақылауға, тілдік кедергілерді жоюға арналған әмбебап гаджетке айналған.
Жаңа үлгі жүрек соғысын өлшей алатын функциямен жабдықталған. Яғни енді пайдаланушылар арнайы фитнес-білезік немесе смарт-сағатсыз-ақ жүрек соғысын бақылай алады. Құлаққапқа «Apple Intelligence» жасанды интеллекті енгізілген. Соның арқасында «AirPods Pro3» сөйлеген сөзді дәл сол уақытта аудара алады. Бұл саяхат кезінде, халықаралық кездесулерде немесе шетелдік әріптестермен сөйлескенде таптырмас мүмкіндік болмақ. Құрылғының бағасы – 249 доллар.