• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:20

Жаңақорғанда кешіктірілген жалақы мәселесі шешімін тапты

30 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1847 жұмысшының жалақысы уақытылы төленбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудандық прокуратура кәсіпкерлер тарапынан түскен шағымдар бойынша талдау жүргізген. Нәтижесінде аудандағы 81 жеке меншік балабақшаның жұмыскерлеріне еңбекақы уақытылы берілмей келгені анықталған.

Бұл жағдай 1847 адамның айлық жалақысын кешіктіруге әкелген. Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына байланысты аудандық прокуратура қадағалау актісін енгізіп, заңға қайшы әрекеттердің алдын алған.

Қорытындысында жалпы сомасы 720 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, жұмысшыларға берілген.