• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:18

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

30 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағлан Бекбауов бұл қызметке 2021 жылғы 10 қарашада тағайындалған.

Ол 1983 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қ.А. Яссауи атындағы атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-ды бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.

Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.

2008-2016 жылдары «ҰАТ» АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.

2016-2017 жылдары коммерциялық ұйымның техникалық директоры қызметін атқарған.

2017-2020 жылдары – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін – «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.

2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеген, кейін ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалған.