• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмыс Бүгін, 00:03

Қазақстандықтар Катарда заңды түрде жұмыс істей алады

40 рет
көрсетілді

Мәжіліс Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы Қазақстаннан келген жұмыскерлерді Катарда жұмысқа орналастыруды реттеу жөніндегі келісімді ратификациялады. Келісімге 2024 жылғы 14 ақпанда Доха қаласында қол қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжат Қазақстан азаматтарын Катарда заңды түрде жұмысқа орналастыруға және олардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Келісімге және стандартты еңбек шартына сәйкес Катар жұмыс берушілері қазақстандықтарға мына қызметтерді қамтамасыз етуге міндетті:

– Қазақстаннан Катарға және кері қарай ұшу билеттерін төлеу;

– жиһазбен жабдықталған тұрғын үй (немесе жәрдемақы);

– тұрғылықты жерінен жұмысқа тасымалдау (немесе көлік шығындарын өтеу).

– кемінде 3 апталық жыл сайынғы еңбек демалысы, сондай-ақ қосымша 3 күндік еңбек демалысы.

Егер еңбек шарты бұзылса, даулар мен төтенше жағдайлар орын салса, Қазақстан азаматтарын қайтару ережелері белгіленеді.

Келісімді жүзеге асыру, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыру және ақпарат алмасу, сондай-ақ дауларды шешу бойынша әрекеттерді үйлестіру үшін әр тараптан үш өкілден тұратын бірлескен комитет құрылады.

Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Катар мемлекетінің Еңбек министрлігі болады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Катар аумағында Қазақстанның 710 азаматы ресми түрде жұмыс істейді.