• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:42

Үндістан Непалмен шекарадағы күзетті нығайтты

30 рет
көрсетілді

Үнді билігі әлеуметтік желілерге тыйым салуына байланысты Непалда өршіген жаппай антиүкіметтік наразылықтарға байланысты елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында қауіпсіздік шараларын күшейтіп, Непалмен шекарадағы күзетті нығайтты, деп хабарлайды Egemen.kz Press Trust of India (PTI) агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Непалмен шекарадағы барлық учаскелерде қосымша күзет қойылып, тәулік бойы бақылау жүргізілген. Жағдайды қадағалау үшін дрондар пайдаланылып, шекара маңындағы жолдарда патруль күшейтілді. Әсіресе бақылау-өткізу пункттеріндегі бет-әлпетті тану жүйесінің жұмысына баса назар аударылған.

PTI дерегінше, қазіргі уақытта үнді-непал шекарасында жағдай қалыпты. Туристік сапарларға ресми шектеулер қойылмағанымен, Үндістаннан Непалға баратын туристер саны айтарлықтай азайған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қыркүйекте Непал үкіметі елдің байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінде белгіленген мерзімде тіркелмеген бірқатар мессенджер мен әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешім қабылдаған. Осыдан кейін 8 қыркүйекте Катмандуда және басқа да ірі қалаларда мыңдаған адам қатысқан жаппай наразылық акциялары басталған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әскер енгізіліп, шектеусіз коменданттық сағат жарияланған. Шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде 19 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған.