• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Еңбек Бүгін, 10:05

Қазақстанда жұмысшыларға 1,2 млрд теңге өтемақы төленді

40 рет
көрсетілді

2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 257 кәсіпорында 3,7 мыңнан астам жұмыскерге 1,4 млрд теңге көлемінде жалақы берілмегенін анықтады. Бұдан бөлек, жүргізілген тексерулер нәтижесінде еңбек заңнамасының 4,7 мыңнан астам бұзушылығы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, еңбек құқығын бұзған және жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына 2 602 ұйғарым беріліп, 332 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 3 437 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,2 млрд теңге төленді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін еңбек инспекторлары 4 013 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 4 706 заң бұзушылық анықталған. Олардың ішінде еңбек қатынастарына қатысты – 3 965, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында – 721, халықты жұмыспен қамту бойынша – 20 жағдай тіркелді.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде 30 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған.